22-06-23 |
2030 рет қаралған
Президенттік реформалар Қазақстанға қандай өзгерістер әкеледі?.
Президенттік реформалар Қазақстанға қандай өзгерістер әкеледі?

Аз уақыт өтсе де, референдумнан кейінгі жылы Қазақстанда кәсіподақ ұйымдарының жұмысы қаншалықты өзгерді деген сұрақ елді елеңдетіп тұрғаны рас. Шынын айтқанда, республикалық референдум өтуі елдегі кәсіподақ ұйымдарының қызметін жақсартуға айтарлықтай әсер етті.

Тіпті, ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум іске қосылуынан өткен жылы ауқымды саяси реформалар бастау алып, жалпы елдегі кәсіподақ ұйымдарының маңызы артты. Олар біртіндеп болса да жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы нақты делдалға айнала бастады. Өйткені солардың арқасында тараптарға сындарлы диалог жүргізуге және құқықтық салада туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік туындады.

2022 жылдың 18 қазанында Астанада «Еңбек құқықтары, кәсіподақтар: 2022 жылғы қаңтардағы Қазақстандағы оқиғалар» атты сараптамалық баяндаманың тұсаукесері өткен. Сол жердегі шара жұмысына коммерциялық емес сектордың, сондай-ақ бейінді ведомстволардың, оның ішінде Сыртқы істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысты. Зерттеуді Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның сарапшылары – ұйымның директоры Евгений Жовтис пен бюроның Шығыс Қазақстан филиалының директоры Қуат Рахимбердин дайындады.

Сол зерттеуде мамандар Қаңтар айындағы оқиғаларжың болатыны белгілі болғанын сөз етті. Себебі ел ішінде, яғни олардың мәліметтінше, 2021 жылдың соңына қарай еңбек дауларының саны он есе көбейген. Ал ол сәйкесінше әлеуметтік шиеленіс күшейе түсетінін көрсетеді.

– Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, 2021 жылы 150-ге жуық еңбекке қатысты шиелініс болған. Ал оның 130-дан астамы мұнай-газ саласына қатысты ереуіл еді. Соның басым көпшілігі Маңғыстау облысына тиесілі еді. Егер де осы мәселеге дер кезінде мән бергенінде, онда Қаңтар оқиғасы бұлай шиелініспес еді «, – деді Қазақстандық Халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис.

Бюроның Шығыс Қазақстан филиалының директоры Қуат Рахимбердиннің пікірінше, еңбекке байланысты дау-дамайлар бүгінде еліміздің экономикалық моделінің ажырамас бөлігіне айналған. Содан болар, саяси сипаттағы қақтығыстың көбін осымен сылтауратқан.
Сол кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қараша айында Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездескен болатын. Кездесу барысында Президент еңбек кикілжіңі мен даулары тек заңнама шеңберінде шешіліп, бұл процеске тәуелсіз кәсіподақтар белсенді тартылуы тиіс екенін атады.

– Бүгінде тәуелсіз кәсіпорындардың қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі айтарлықтай өсті. Бұл – қуанарлық дүние. Олардың қатысуын құп көремін. Егер біз мықты азаматтық қоғам құрсақ, бәрін жеңеміз. Адам құқығы, оның ішінде еңбек құқығын қорғауы әрқашан назарда болуы тиіс, – деді сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осының негізінде биыл жылдың басындда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Соның барысында Кәсіподақтар федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ бірлестіктерінің мүшелеріне жүгініп, Президент қойған маңызды міндеттердің іске асырылуы туралы айтып, алдағы жылдарға арналған стратегиялық жоспарларымен бөлісті.

– 2022 жылды біз әлеуметтік серіктестік жылының аясында өткіздік. Елдегі саяси өзгерістерге өз үлесімізді қостық. Атап айтсақ: ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізудің маңызы жайында біздің мүшелік ұйымдарымыз ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатыр, халық коалициясы құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдадық. Сөйтіп, еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарының даму барысына әсер ете алдық. Соның арқасында халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына толық мүшелікті қалпына келтірдік. Нәтижесінде, біз Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар Кеңесіне төрағалықты қабылдадық, – деді Кәсіподақтар федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

Сонымен бірге ол 2023 жылы федерацияның алдында тұрған негізгі міндеттерге назар аудартты: 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Бас келісімнің жобасымен жұмысты бастау; Қауіпсіз еңбек жылы шеңберінде Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын 2025 жылға дейін іске асыру; кәсіпорындарда «Халықтық бақылау» жобасын одан әрі енгізуді және нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына vision Zero қосуды қамтамасыз ету; .Палатада кәсіподақ өкілдігін алу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанына тікелей қатысу және депутаттармен бірлесіп заңнамаға одан әрі өзгерістер енгізуге, еңбек адамының мүдделерін қолдауға бастамашылық ету; әлемдік және өңірлік кәсіподақ қозғалысындағы ҚРКФ халықаралық ынтымақтастығы мен беделін нығайту және арттыру.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.