Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы өткен есептік кездесуде қала тұрғындарына балағат сөз айтып, қорламадым деп ақталды.
Бурабай ауданы әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланған үндеуде Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов қала тұрғындарының атына жағымсыз және балағат сөздер айтуға жол бермегенін мәлімдеді.
Құрметті қала тұрғындары! Сіздерге үндеу жасап отырған мен, Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов. Кеше Бурабай ауданы әкімдігі тікелей эфир өткізді. Онда мен Щучье қаласы әкімдігімен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп бердім. Тікелей эфир барысында және одан кейін де менің тарапымнан тұрғындардың атына жағымсыз және балағат сөздер айтылмағанын хабарлаймын, – деді қала әкімі бейне үндеуде.
Бурабай ауданы әкімдігінен атап өткендей, қазіргі кезде осы мәселе бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Айта кетсек, Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың Instagram желісінде өткізген тікелей эфирде тұрғындарды балағаттап жібергені туралы жазған едік.
Arasha.kz
ФОТО: burabay_audanynyn_akimdigi
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024