Үкімет отырысында Қарағанды облысында орын алған балалардың жаппай улану жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметі бойынша Қарағанды облысындағы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына түскен 14 баланың бүгінде алтауы ауруханада. Олардың барлығы жансақтау бөлімінде жатыр.
Олардың төртеуінің жағдайы ауыр халде. Қалған екі баланың жағдайы неврологиялық тапшылық, интоксикация синдромы және тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты өте ауыр. Бұған дейін 7 бала қанағаттанарлық жағдайда шығарылған, бүгінде олар дәрігерлердің бақылауында. Осы оқиға туралы ақпарат түскен сәттен бастап Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл түрде республикалық жетекші балалар мамандарын (реаниматолог, инфекционист, пульмонолог, токсиколог) жұмылдырды – деді министр.
Оның сөзінше, балаларға интенсивті терапия көрсетілді, республикалық және облыстық деңгейдегі білікті мамандардың кеңейтілген кеңестері ұйымдастырылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы іс-шаралар мен тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің деректері, аурудың даму сипаты негізінде тағамнан топтық улану және жұқпалы аурулар алынып тасталады. Жаппай уланудың ықтимал себебі – улы затпен улану. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде – деді Ажар Ғинаят.
Премьер-Министр балаларды барлық қажетті дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етіп, ауруханадан шыққаннан кейін де олардың жағдайын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның нақты себептері мен кінәлілерді анықтау бойынша тергеу амалдарын мұқият жүргізуі тиіс, — деді Әлихан Смайылов.
Arasha.kz
ФОТО: KZgovernment
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024