16-08-23 |
2230 рет қаралған
Министр уахабистерден қорқып отыр ма?.
Министр уахабистерден қорқып отыр ма?

Кеше Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев жауаптан жалтарды.

Кездесуге келген журналистердің бірі министрден «мектепте хиджап киюге тыйым салына ма?» деген сұрағына дұрыс жауап бермей, журналистің өзіне қарсы сауал қойды.

Журналис пен министрдің диалогын қаз-қалпында беріп көрейік.

Журналист:
– Мектепте оқушылар хаджап кие ме, кимей ме? Нақты айтсаңыз.
Министр:
– Мен жауап бердім ғой. Зайырлы мемлекет болғаннан кейін, зайырлы мемлекеттің заңын біз орындауға тиістіміз.
Журналист:
– Зайырлы мемлекеттің заңы қандай? Соны ашық айтып берсеңіз?
Министр:
– Енді сіз оқып көріңіз. Зайырлы мемлекет деген не екен? Сіз де сауатты адамсыз ғой.
Журналист:
– Иә. Рұқсат бересіздер ме, бермейсіздер ме? Мен сізден нақты сұрап тұрмын ғой.
Министр:
– Мен сізге жауап бердім.
Журналист:
– Мен сізді түсінген жоқпын. Сіздер түсіндіңіздер ме? Министр мырза, сіз жиында, жалпы хиджап киюді қолдайтын сыңай таныттыңыз, иә? Қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба?
Модератор:
– Сұрағыңызға жауап берілді…
Журналист:
– Мен сұрағыма жауап алған жоқпын. Мен нақты жауап алғым келеді. Министр мырза, сіз жауап беруге міндеттісіз. Хиджап кию керек пе, кимеу керек пе?
Министр:
– Сіз қалай ойлайсыз?

Өзі айтып отырған зайырлы мемлекетте нақты ұстанымы жоқ, орта білім мекемесінде оқушылар бір формамен жүруі керек дегенді ашып айта алмаған министр Ғани Бейсенбаев кімге жалтақтап отыр? Неге ашып айта алмайды, мектеп формасы біркелкі болу керек деп?

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.