17-08-23 |
2430 рет қаралған
Шахтадағы өрт. 5 адам іздеуде.
Шахтадағы өрт. 5 адам іздеуде

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында ТЖ нәтижесінде зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар бес адамды іздестіріп жатыр.

«Қазақстан» шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды, – деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің төртеуі Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, оларға алғашқы көмек көрсетілді. Болашақта оларды Мақажанов клиникасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстыру жоспарлануда.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ тау-кен сегментінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, тағы бес қызметкерді құтқарушылар іздеп жатыр. Шақтадағы қою түтін іздеу жұмысына кедергі келтіріп тұр. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 10:05-те Д6 көмір көлбеуін (көкжиек – 170 м) өндіруде конвейер таспасының өртенуі орын алды. Апатты жою жоспары енгізілді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болды, оның 222-сі жер бетіне көтерілді. Бесеуін іздестіру жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайға байланысты шахтада жедел штаб құрылды. «КӘАҚҚ» РШМ және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бар. Өрттің себептері анықталу үстінде.

Arasha.kz
ФОТО: baq.kz
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.