Өздеріңізге белгілі, өткен демалыста EXPO алаңында Тәжікстанның мәдениет күндері аясында ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп өнімдеріне және ұлттық қолөнеріне арналған көрме-жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам өнім сатылды. Дегенмен өкініштісі, жәрмеңке мүлкіне зиян келіп, кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырды. Қоғамдық тәртіп те бұзылды. Бұл – мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі. Кейбір адамдардың орынсыз әрекетіне байланысты Астана қаласының барлық тұрғынына сөз тиді. Көрме-жәрмеңкеге 100 мыңға жуық адам қатысты, бұл іс-шарада қала тұрғындарының басым бөлігі мәдениетті болғанын ерекше атап өткім келеді. Оларға алғысымды білдіремін! – деді қала әкімі.
Сонымен қатар ол құқық бұзғандар жауапкершілкке тартылатынын ескертті.
Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана көшелерінде вандализм мен құқық бұзушылықтардың жиілеп кеткен жағдайларын болдырмау жөнінде тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын. Полицияға вандализм әрекеттерін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылды. Құқық бұзушылар жауапқа тартылады – деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев жәрмеңкедегі бейберекетті түсіндіруге тырысты.
Ол Ulysmedia тілшісінің азық-түлік қауіпсіздігіне арналған баспасөз мәслихатында қойған «аштық ойындары» азаматтардың елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне сенімсіздігін білдіре ме дегеніне жауап берді.
Шенеунік жағдайды «дәмді жемістермен» түсіндірді. Сонымен қатар ол пирамидаларға шыққандардың Тәжікстаннан келген қонақтардың өздері екенін, жәрмеңкеге келушілерге арнайы жеміс-жидек алып келгенін айтты.
Arasha.kz
ФОТО: Ақорда
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024