Үкімет мүшелері мемлекеттік тілді білуге міндеттеледі. Қазақ тілін білуге министрлер, вице-министрлер, әкімдер, әкімдердің орынбасарлары міндетті болмақ. Бұл туралы ғылым және жоғарғы білім министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов айтты.
«Осы айда немесе келесі айда үкімет 2023-2029 жылдарға арналған тіл дамыту саясатының тұжырымдамасын қабылдайды. Онда мемлекеттік лауазымды қызметкерлерге мемлекеттік тілді білу міндеттеледі», – деді Ербол Тілешов.
Бұған дейін дәл осы тұжырымдамада мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілінен тест тапсыру міндеттелетіні де айтылып, талқыға шығарылған болатын.
Үкімет мүшелерінің мемлекеттік тілді білмеу мәселесі Қазақстанда ұзақ жылдардан бері айтылып, көтеріліп келе жатыр.
Қазақстан конституциясына сәйкес, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылатыны жазылған. Конституциялық реформалар кезінде ата заңдағы тілге қатысты бап өзгерген жоқ.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024