05-10-23 |
2280 рет қаралған
Риддердегі тіл дауы: Диасты құтқара аламыз ба?.
Риддердегі тіл дауы: Диасты құтқара аламыз ба?

Диасты құтқара аламыз ба? Риддердегі тіл дауын Ресейдің Сыртқы барлау қызметі дүрбі сап, бақылап отыр…

DALA INSIDE жалпы көпшілік ойлайтындай Кремлдің пропаганда инфрақұрылымы Соловьев пен Сисасян секілді қояншықтардан құралмайды дейді. Бұлардың истерикасынан әлдеқайда қауіпті құрылымдар – фондтар бар.

Мысалға, «тіл патрулінің» бастауында тұрған Қуат Ахметтің елден кетуіне «Орыс мәдениетінің стратегиялық қоры» тікелей атсалысты. Қордың қожайыны Владимир Максименко СВР-дан түскен бұйрықпен ғана қимылдайды. Қор еліміздегі әлемжелі мен Youtube платформасында жарық көрген мемлекеттік тілге қатысты барша контентті сұрыптап отырады, анализ жасайды, «кураторларына» жолдайды.

Қордың экосистемасына кіретін – Антифашист, Однародина, Политнавигатор, Zero Hedge (ағылшынтілді) секілді «токсичный» сайттар Қазақстан аумағында еркін ашылып тұр.

Батыс пен АҚШ-тың «қара тізіміне» кірген Максименко соғыс басталғалы Ресейдің әскери барлау қызметіне (ГРУ) де ақпарат тасымалдай бастаған. Орыстар «божий олиграх» дейтін Константин Малафеев те Қазақстанға тісін қайрап жүр…

Риддердегі орыстілді ортаның мұрты бұзылмай тұрғаны өтірік емес. Орысты қойып, осы өлкеде өмір сүретін кейбір қазақтардың елге, ұлтқа қатысты саяси ұстанымы солқылдап жатса таңғалмаймыз.

Қаладағы жалғыз қазақ мектебін жаппауды сұраған блогер Диас Құзайыровтың үстінен «ұлтараздықты қоздырды» деген желеумен қылмыстық іс қозғалғанын естіп жатырмыз. Біздіңше, Диастың мәселесін Мәжіліс мінберінде көтеру керек. Әйтпесе, құрықтан құтылуы неғайбыл.

Кремль тіл белсенділерін «орыс әлемінің» шаңырағын шайқалқататын фактор ретінде қабылдайды. Соған қарағанда Диасты айыптау, қаралау науқаны Қуат Ахметовті қудалауға ұшыратқан сценарий негізінде өрбитін сынды.

Тағы бір амалы бар…елден кету, шетел асу. Егер оған мүмкіндік берсе. Риддердегі ормандай орысты түбірімен қопарып, жер аударып жібере алмаймыз. Жалпы қазіргі шақта тіл саясатын сақтықпен жүргізу қажет-ақ.

Риддердегі тіл дауын Ресейдің Сыртқы барлау қызметі (СВР) дүрбі сап, бақылап отыр.

Ілгерідегі Максименко мен түнеукүні блокқа түскен «Царьградтың» қожайыны Малафеевтің Риддердегі «ресейшіл» аудитория үйіріп әкетуіне жол бермеу қажет. Бұл қолымыздан келетін іс.

Ал Риддердің атын өзгерту, қаладағы қазақ мектептерінің санын көбейту, жалпы қазақтандыру үрдісін үдету мысықтабандап жүзеге асатын дүние.

«Қазақстандағы саяси элита Ресейге қарсы иммунитет қалыптастыру үшін ұлтшылдарға иық тіремек…» деген тезисті өрттей өршітуге келгенде бұлардан асқан шебер жоқ.

Arasha.kz

ФОТО: abai.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.