26-10-23 |
2080 рет қаралған
Әкімдік ақпаратты жасырмақ болған. Бір үйдің 4 баласы тірідей жанып кетті.
Әкімдік ақпаратты жасырмақ болған. Бір үйдің 4 баласы тірідей жанып кетті

Аягөзде газ балоны жарылып, бір үйден 4 бүлдіршін көз жұмды. Баланың үлкені 8 жаста, кішісі енді тәй-тәй басқан.

Мұндай ақпаратты белгілі журналист Гүлмира Әбіқай жариялады.

Бұл отбасын жақсы білетін Аягөздік оқырмандарымның айтуынша, балалардың әкесі сантехник, анасы жұмыссыз. Аудандық басшылар табысың көп деп мемлекеттен алып отырған АӘК кесіп тастапты. Қайран шеше 4 балаға нәпақа болсын деп сүт сатуға үйден шығып кеткен екен. Базарға жүгіріп барып келгенде құлыншақтарының орнын сипап қалды. Көз алдындағы баладан әп сәтте айырылу деген қандай қиын… ешкімнің басына бермесін – деп жазды ол.

Ананың декреттік уақытын балаға көңіл бөлу орнына нан табуға жүгіртіп қойған қу жоқшылық-ай.

Барша оқырманым атынан Аякөз жұртына, қайғы жамылған ата-анаға көңіл айтамын. Трагедия тура 25 қазан, Республика күні таң атпай болды. Бірақ, мұны Аягөз Ауданының Әкімдігі неліктен жасыруға тырысқаны түсініксіз? 4 баланың өлімі жайлы жазған жергілікті блогерлерді қудалап, жазбасын өшіртуін қалай түсінеміз? Бәлкім енді бұл отбасына табиғи газбен жылитын үй берілетін шығар? Бірақ, 4 періштенің әке-шешесін ешкім және ештеңе жылыта да, жұбата да алмайды-ау?! 4 періштенің жаназасы 26/10/23, Аягөз орталық мешітінде өтеді – деп жазды журналист.

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.