ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Бердібек Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Нұрғисса Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді.
ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Б.Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Н.Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан және Өзбекстанның «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсынысы да қабылданды. Сөздікті Махмұд әл-Қашқари 1074 жылы жазған. ЮНЕСКО Бас конференциясының бұл шешімдері қазақ мәдениетінің дүниежүзінде дәріптелуіне септігін тигізері сөзсіз – деп жазды ол өзінің телеграм арнасына.
Мемлекеттік кеңесші, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның Парижде өтіп жатқан 42-Бас конференциясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі.
Arasha.kz
ФОТО: Ақорда
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024