Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Қазақстан халқының мәдени құндылықтары: әлемдік тәжірибе мен заманауи үрдістер контекстінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын бастады.
Ғылыми жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, еліміздің әрі аймағындағы жоғары оқу орындарының өкілдері, отандық және алыс-жақын шетелдерден келген ғалымдар, депутаттар және студенттер де қатысып жатыр. Спикерлер әдебиет, қоғамды дамыту, әділетті қоғам, Жаңа Қазақстанды қалыптастыру, әлеуметтік-гуманитарлық мәселелер және тағы да басқа өзекті тақырыптарда ой талқы жасап, ұсыныстарымен бөлісуде.
Биыл жетінші рет ұйымдастырылып тұрған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова алғысөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Әлемдік тәжірибе мен заманауи үрдістер контекстінде халықтың мәдени құндылықтарын дамыту маңыздылығына тоқталып өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы “Адал да, еңбексүйгіш әрі жауапты азамат – әділетті Қазақстанның мызғымас іргетасы” атты ғылыми жиынның алғашқы баяндамасын жасады. Келесі кезекте филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Жақып Бауыржан Өміржанұлы “Қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденциялары мен бағыттары” тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар ғалым, ақын, публицист Бауыржан Өміржанұлы METU Ғылыми кітапханасына бірнеше кітаптар сыйлап, кітапхана қорына үлесін қосты.
Спикерлердің маңызды ойлары тыңдалғаннан соң, METU ректоры осы өзекті іс-шараға арнайы баяндама жасай келген филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Жақып Бауыржан Өміржанұлын биылғы 60 жас мерейтойымен құттықтап, кәдесый жасады. Жастар тәрбиесіне, ұлттың даму құбылысындағы еңбегіне табыс тіледі.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Жаманбалаева Шолпан Ерболқызы “Ценностное содержание справедливости в общественном сознании казахстанцев” тақырыбындағы өз баяндамасымен жалғады.
Конференцияның алдағы бағдарламасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы, философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ғылым және инновация департаментінің директоры Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы, философия ғылымдарының кандидаты, Философия кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Құранбек Әсет Абайұлы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ, әлеуметтік ғылымдар факультеті, философия кафедрасының меңгерушісі м.а Құсбеков Думан Кәрібекұлы, сонымен қатар шетелден келген қонақтар: Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Халикова Рахбар Эргашевна, Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университетінің шет тілдер және сөйлеу мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, социология ғылымдарының кандидаты, доцент Калиниченко Элина Борисовна, Muğla Sıtkı Koçman University (Түркия) Prof.Dr. Mustafa GÖKÇE баяндамалар жасап, өз пікірлерімен, зерттеулерімен бөліседі.
Ары қарай халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның секциялық отырыстары жалғасады. Онда «Әділетті Қазақстан мен Адал азамат» – Қазақстан халқының ең басты құндылығы», «Қазақстан халқының тілін зерттеу, дамыту және сақтау – әділетті қоғам құру факторларының бірі», «Сындарлы диалог мәдениеті – әлемдік тәжірибе және қазіргі заманғы үрдіс» тақырыптары қамтылады. Студенттер үйінің мәжіліс залында Атуби Икемефуна Огбонна «Дүние жүзі халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және Тодд Эвермон «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыптарында Авторлық семинарларын өткізеді.
Айта кетейік, бүгінгі «Қазақстан халқының мәдени құндылықтары: әлемдік тәжірибе мен заманауи үрдістер контекстінде» халықаралық іс-шарасы METU Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтардың жастар мәдениетіндегі алатын орны» студенттік ашық алаңымен жалғасты. Студенттік ашық алаңда студенттер жақында журналист, айтыскер ақын, «Мәдениет саласының үздігі» ақын Талант Арғынғалимен кездесті. Оған тек METU студенттері ғана емес, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ және тағы басқа да университеттің студенттері қатысты.
Университетте ұлттық құндылықтарды жастар бойына баулуға үлкен мектеп болатын мұндай рухани кездесулер жиі ұйымдастырылып келеді, алдағы уақытта да жастар арасында мәдениет пен ұлттық құндылықты насихаттауға аналған түрлі дөңгелек үстелдер, семинарлар, апталықтар тұрақты өткізіле бермек.
Мәселен, студенттер жақында журналист, айтыскер ақын, «Мәдениет саласының үздігі» ақын Талант Арғынғали, актер, қазақы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер насихатшысына айналған Рахман Омар және басқа да тұлғалармен студенттер кездесіп, тағылымды рухани кездесу орын алды.
Жастардың тұлғалармен жиі кездесіп, тағылымды әңгімелер өрбітуі ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіруге үлкен үлес қосары сөзсіз.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024