07-12-23 |
2220 рет қаралған
Брянскте сегізінші сынып оқушысы сыныптастарына оқ жаудырды.
Брянскте сегізінші сынып оқушысы сыныптастарына оқ жаудырды

Ресейдің Брянск қаласында сегізінші сыныпта оқитын қыз бала мектепке қарумен келіп сыныптастарына оқ жаудырды. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды.

РФ денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов гимназиядағы атыстан екі адам қаза тапқанын және бес оқушы жарақат алғанын мәлімдеді. Қаза тапқанның бірі қарумен келген оқушы.

«Ауруханаға түскен балалардың жағдайы орташа, олар қажетті медициналық көмекті алып жатыр», – деді ол.

Сондай-ақ оқ тиген оқушының біріне ота жасау басталып кеткенін айтты.

Белгілі болғандай 14 жастағы қыз №5 гимназияға қарумен келіп сыныптастарын оқтың астына алған. Кейін қыз өзін атып өлтірген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.