06-12-18 |
1470 рет қаралған
ЕО Ресейдің жалған ақпаратымен күресу жоспарын әзірледі.
Еуропа комиссиясы Ресей тарататын жалған ақпаратпен күресудің жоспарын әзірледі. Жоспар 2019 жылдың мамыр айында Еуропа парламентіне және 2020 жылы Еуропа елдерінде өтетін сайлауға Кремльдің кедергі келтіруіне жол бермеу мақсатында дайындалып отыр.

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейді жалған ақпарат тарататын басты қауіп көзі деп біледі. «Сириядағы соғыс, Украинада MH17 рейсінің апатқа ұшырауы және Солсберидегі химиялық шабуыл кезінде ресейлік жалған мәлімет тарату кампаниясы қатты жұмыс істеді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да бар. Енді басқа елдер де Ресейдің тәсілін үйреніп, жалған ақпарат тарату стратегиясын енгізуі мүмкін» делінген Еуропа комиссиясы ұсынған жоспарда.

Құжатта жалған ақпаратпен күресу үшін арнайы институттар жұмысын күшейту ұсынылған. Сонымен бірге, одақтың сыртқы саясат мекемесі стратегиялық коммуникация жұмысының бюджетін екі миллионнан бес миллион еуроға дейін ұлғайту қарастырылған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.