25-12-23 |
3470 рет қаралған
Қазақстан шекара қызметінің бұрынғы басшысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазақстан шекара қызметінің бұрынғы басшысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шекара қызметінің (ШҚ) бұрынғы директоры Дархан Ділманов төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі.

«Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот Д.Д.-ға жаза тағайындады. ҚК-нің 450-бабының 2-бөлігімен (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Д.Д.-ны бас бостандығынан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына «Генерал-лейтенант» әскери атағы, 2-дәрежелі «Айбын» ордені мемлекеттік наградасы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» құрметті атағынан айыру» ұсынылды, – делінген сот үкімінде.

Іс бойынша тағы бір айыпталушы бес жылға бас бостандығынан айырылды, тағы біріне 38 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қалған сотталушылар да кінәлі деп танылып, оларға мүлкі тәркіленбей, үш жыл алты айдан бастап бес жыл алты айға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сотталғандардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.