Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты.
25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру құрамы Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге аттанды.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізуде. ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол сауатты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есімізде қалады», – деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
23.01.2025