08-12-18 |
4180 рет қаралған
Шығыс Қазақстанда 314 көшенің атауы өзгерген.
Шығыс Қазақстанда 314 көшенің атауы өзгерген

Шығыс Қазақстанда 314 көшенің атауы ауыстырылған. Мұны орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысынң әкімі Даниал Ахметов айтты.

фото - ortcom.kz
фото – ortcom.kz

«Мысалы, Өскеменде Карл Маркс даңғылы қазір Қазыбек би болды. Орджоникидзе – Сағадат Нұрмағамбетов, Головков – Бейбітшілік, Семейдегі Ленин көшесі – Мәңгілік Ел болды. Осы істі асықпай, ойланып жүзеге асырамыз. Зырян ауданы Алтай ауданы болып өзгертілді. Зырян қаласы Алтай қаласы атанды. Сондағы халықтың 100 пайызы осы өзгертуді қабылдады. Мәселе ұлтта емес, мәселе елдің саясатында. Орджоникидзе, Голощекин, Киров секілді атаулар міндетті түрде өзгертілгені дұрыс. Киров мәселен «үштіктің» қатысушысы болды, оның тапсырмасымен мыңдаған адам атылған. Сондықтан, бұл жерде сөз жоқ, өзгертеміз. Бірақ, бұл ретте өзіміздің халықтың пікірін есепке ала отырып, заң бойынша осы жұмысты жүргізетін боламыз. Сосын мысалы Дмитрий Менделеев, Сергей Королев атындағы көшелерді өзгерту керек пе? Процесс жүріп жатыр», – деді Д.Ахметов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.