04-01-24 |
6010 рет қаралған
«Свой дом» қаржы пирамидасын құрғандар 3 жылға сотталды.
«Свой дом» қаржы пирамидасын құрғандар 3 жылға сотталды

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағандарын мәлімдеді.

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталған.

«Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берді. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды. Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

ҚМА қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.