10-01-24 |
7100 рет қаралған
Қылмыстық кірісті жылыстату жөніндегі Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс сотқа жіберілді.
Қылмыстық кірісті жылыстату жөніндегі Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс сотқа жіберілді

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық кірісті жылыстатты деген іс сотқа жіберілді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

«Бүгінгі таңда Қайрат Сатыбалдыға қатысты 218-баптың 3-бөлігі – қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қайрат Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен табылған қаражатты және заңсыз ақшадан түскен пайданы пайдалана отырып, әртүрлі мүлікке, соның ішінде шетелде де иемденіп, Қазақстандағы және шетелдегі банк шоттарына ақша салған. Бұл іс қазір сотта», – деді Тілеукенов брифингте.

Оның айтуынша, салықтан жалтарудың тағы бір эпизоды бар.
«Осыған байланысты аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, біз жаңа мәлімет түскен бойда халыққа ақпаратты жеткіземіз. Бұл тұлғадан тәркіленген барлық мүлік мемлекет кірісіне қайтарылды, бүгінде жалпы сомасы 850 миллиард теңгеден асатын қаражат мемлекетке қайтарылды», – деді Тілеукенов.

Еске салайық, 2022 жылы 26 қыркүйекте сот Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыны ұрлық және екі компанияға мүліктік залал келтіргені үшін алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. 2023 жылы экс-президенттің туысқанына қатысты басқа да қылмыстарды тергеу жалғасты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.