19-01-24 |
17340 рет қаралған
Кремльдің қуыршағы. Сәтбаев Канделакиге қатал жауап қатты.
Кремльдің қуыршағы. Сәтбаев Канделакиге қатал жауап қатты

Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев ресейлік журналист Тина Канделакидің Қазақстанда орыс тілі «шеттетіліп жатыр» деген сөзіне қатысты пікір білдірді.

Сәтбаев Тина Канделаки «Кремльдің пропаганда театрындағы қуыршақтардың бірі» екенін айтты. Саясаттанушы айтқандай, ол «басқалар сияқты Ресей билігінің басы мен ойындағысын айтатын БАҚ-тың қуыршағы».

«2014 жылдан кейін және 2022 жылға дейін олардың Қазақстанға бағытталған арандатушылық сипаттағы мәлімдемелерінің барлығы Украинадан кейінгі нысана Қазақстан болады деген оймен жүргізген ақпараттық соғыс. 2022 жылдан бері орыстар украинаның тегеурінді жауабынан кейін,  Қазақстан Кремль үшін «көлеңкелі импортты» және санкцияларды айналып өтуде маңызға ие болды. Біздің ЕАЭО мен ҰҚШҰ-да болуымыз да Ресейдің Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігіне үнемі күмән келтіріп, бізді Ресейдің санкциялық экономикасының қосымшасы, сондай-ақ қауіпсіздік саласында Ресейге тәуелді мемлекет ретінде қарастыратын ресейлік үгіт-насихатқа жол ашады», – деді ол.

Сәтбаевтың айтуынша, Қазақстандағы ұлттық сананың өсуі және қоғамдағы белсенді деколонизация үдерісі Ресей билігінің жүйкесіне әсер етіп отыр.

Айта кетсек, жақында ресейлік журналист Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілін шеттету мемлекеттік деңгейде жүріп жатыр деген арандатушылық сипатта мәлімдеме жасаған болаты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.