24-01-24 |
7570 рет қаралған
«Ешқандай қазақтар болған жоқ»: ресейлік тарихшы Орталық Азия елдерінің шамына тиді.
«Ешқандай қазақтар болған жоқ»: ресейлік тарихшы Орталық Азия елдерінің шамына тиді

Ресейліктердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттері жалғасып жатыр. Ресейлік тарихшы Михаил Смолин ток-шоуда 1917 жылғы революцияға дейін қазақ, өзбек деген ұлт болған жоқ, деп мәлімдеді.

НТВ арнасының эфирінде тарихшы Орталық Азия елдерінің намысына тиетін сөздер айтып, қазақ, өзбек деген ұлт болмаған деп соқты.

«Қазақстан қалай пайда болды? Расында, алғашында РСФСР құрамындағы Казақ КСР деп аталды, қазақтар мүлдем болмаған. Одан кейін Казақ КСР құрамында Қырғыз КСР құрылды, одан кейін РСФСР құрамынан бөлініп шықты. Онда ұлттардың құрылуы туралы шешімдер осылайша ерікті түрде қабылданған. Мысалы, өзбектер революцияға дейін болмаған, ондай этникалық атау болмаған. Орталық Азияның бірнеше халықтарынан өзбектерді құрды», – деді Смолин ток-шоуда.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ресейлік азаматтың видеочат арқылы Қазақстан азаматымен диалог жүргізіп жатқан жағаұстатар видеосы пайда болған еді. Ол қазақтарды коммунистер ойлап тапты деген болатын.

Ресейлік тележүргізуші әрі продюсер Тина Канделаки де Қазақстандағы теміржол вокзалдар атауының өзгертілуін сынап, елде орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстыру жүріп жатыр деген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.