24-01-24 |
9790 рет қаралған
Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады.
Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады. Көптеген жылдар бойы әскери альянстарға қосылмаған Швеция Ресейдің Украинаға агрессиясынан кейін 2022 жылы Финляндиямен бірге НАТО-ға мүшелікке өтініш беру туралы шешім қабылдады.

НАТО мүшелерінің көпшілігі екі елдің альянсқа кіруін тез арада ратификациялады, бірақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл процесті кейінге қалдыруды және оған қоса, әр елдің қабылдауын бөлек ратификациялауды ұйғарды. Нәтижесінде Финляндия өткен жылдың сәуір айында НАТО-ға кіру процесін аяқтады, бірақ Швеция оны әлі аяқтамады.

Енді оғны Венгрияның ратификациялауы ғана қалды. Бұл елдің премьер-министрі Виктор Орбан бүгін ғана швед әріптесін осы мәселе бойынша «келіссөздерге» шақыратынын мәлімдеді. Швеция Сыртқы істер министрлігі бүгін Венгриямен келіссөздер тақырыбына бармайтындарын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.