24-01-24 |
12520 рет қаралған
Аурухана басшылығы мен бухгалтер 758 млн теңге жымқырған.
Аурухана басшылығы мен бухгалтер 758 млн теңге жымқырған

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов арнайы брифинг барысында мәлімдеді.

«Залал сомасы 758 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», – деп атап өтті Антикор өкілі.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.