09-12-18 |
1550 рет қаралған
Ресейлік құқыққорғаушы Людмила Алексеева қайтыс болды.
Ресейлік белгілі құқыққорғаушы Людмила Алексеева желтоқсанның 8-і күні 91 жасында Мәскеуде дүниеден өтті. Ресейдегі және бұрынғы Совет одағындағы құқыққорғау қозғалысының ардагерінің қайтыс болғаны туралы ақпарат Ресей президенті жанындағы адам құқығы және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі кеңестің сайтында жарияланды. Кеңес төрағасы Михаил Федотов «Ресейдегі күллі құқыққорғау қозғалысы үшін орны толмас қаза» деп атаған.

Людмила Алексеева Евпаторияда дүниеге келген. Жасөспірім шағында Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығын көрген. 1950 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін, кейін Мәскеу экономикалық-статистикалық институтының аспирантурасын тәмамдаған. 1966 жылдан бастап ол Совет одағындағы саяси тұтқындардың құқығын қорғаумен белсенді араласқан. Алексеева 1976 жылы құрылған Мәскеу Хельсинки тобының негізін қалаушылардың бірі болды.

Ол 1977 жылы АҚШ-қа эмиграцияға кеткен. Ресейге 1993 жылы оралып, үш жылдан соң Мәскеу Хельсинки тобының жетекшісі болған. Людмила Алексеева 2002 жылдан 2012 жылға дейін Ресейдің адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болған. Ал дүниеден өтерінен бес күн бұрын – 2018 жылы желтоқсанның 8-інде қайтадан осы кеңеске мүше болып сайланған.

Құқыққорғау саласындағы атқарған қызметі үшін Людмила Алексеева көптеген сыйлықтармен, соның ішінде Сахаров атындағы сыйлықпен және Францияның Құрметті легион орденімен марапатталған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.