Тәжікстан үкіметі Еркін сауда аймағы туралы келісімге қатысушы мемлекеттерден енгізілетін тауарларға кедендік баж алымын нөлдік ставка бойынша қолдану» туралы қаулы қабылдаған.
Бірақ бұл елдерден әкелінетін тауарлар басқадай алым-салықтар төлеуден босатылмайды деп түсіндіреді Тәжікстан аумағында жүктерді кедендік рәсімдеуге қатысты қызмет түрлерін көрсетумен айналысатын «Истам-2015» компаниясының өкілі Шахри Шарипова.
Еркін сауда аймағы туралы келісімге қатысушы мемлекеттерден енгізілетін тауарларды кедендік салықтан босату осы елдерден Тәжікстанға қажетті тауарлар келетіндігіне байланысты деп санайды тәжікстандық экономист Сотим Умаров.
«Қазіргі кезде Тәжікстанға бидай ұны негізінен Қазақстаннан әкелінеді. Тәжікстан сұйытылған газдың да негізгі бөлігін – бүкіл көлемнің 70 пайыздан астамын осы елден алады. Беларусь Тәжікстанға қант, ал Ресей – мұнай өнімдерін жібереді. Бұл тауарлар мен азық-түліктің барлығына Тәжікстан аса зәру», – дейді ол.
2011 жылы қазанның 18-інде Санкт-Петербург қаласында ТМД елдерінің үкімет жетекшілері кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Ресей мен Украина үкіметтерінің басшылары «Еркін сауда аймағы туралы келісімге» қол қойған. Әзербайжан мен Түркіменстан келісімге қосылудан бас тартқан. Өзбекстан ерекше тәртіп бойынша (келісімге қосымша жеке хаттамаға қол қойып) қосылған. Ресей мен Украина арасында бұл келісім 2016 жылдың басынан бері жүрмейді.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024