Маған қатысты жаңа қылмыстық іс ашылды. Бұл жолы Алматыда, деп мәлімдеді саясаткер Ғалымжан Жақиянов.
Оның айтуынша, бұған дейін Төлен Тоқтасынов екеуінің арасындағы іскерлік дау қоғамдық ортаға шығып, арты сот отырыстарына ұласқан.
«Мәселенің қысқаша мән-жайы былай: бір кездері өз басындағы қарыздарымен қаржылық жауапкершілікті Тоқтасынов маған жүктеуге тырысты. Өкінішке қарай, оның бұл әрекетке баруына ұзақ жылғы достығымызды да кедергі бола алмады. Ол маған жала жабумен, азаматтық сотқа жүгінумен шектелмеді. Мәселен, 2022 жылы Моңғолия полициясына менің үстімнен арыз жазды. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды тексеріп, мені жауапқа тартуға негіз таппай, керісінше Тоқтасыновтың өзіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Осыдан кейін ол Моңғолиядан кетуге мәжбүр болды. Қазір оған іздеу салынған.
Күні кеше тағы бір жайт естідім. Төлен Тоқтасынов былтыр Алматының Бостандық аудандық полициясына да дәл сондай арызбен жүгініпті. Ондағылар да менің іс-әрекетімде қылмыс құрамы болмауына байланысты маған қатысты іс қозғаудан бас тартады. Алайда биылғы жылдың 1 ақпанында Алматы қаласы прокуроры С.Кәріпбеков ол шешімінің күші жойылып, Тоқтасыновтың арызы бойынша тергеу басталғанын хабарлапты. Осылайша, «Жаңа әділетті Қазақстанда» маған қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды», – дейді саясаткер.
Ол Қазақстан азаматтары арасындағы жеке дауға қала прокурорының араласуы кем дегенде күмән тудыратынын айтады. Әсіресе, ҚР Бас Прокурорының прокуратура өкілдеріне іскерлік дауларға араласуға тыйым салатын ресми нұсқауы бар екенін ескерсек, бұл мүлдем ойға қонбайды.
Сондықтан осы істе не жемқорлық, не саяси астары бар деп санайды. Екеуінің нақты қайсысы екенін алдағы уақыт көрсетер.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024