20-02-24 |
10100 рет қаралған
Оралда басқарма басшысы салынбаған мектеп үшін «қара таңбаға» ие болды.
Оралда басқарма басшысы салынбаған мектеп үшін «қара таңбаға» ие болды

2020 жылы Орал қаласындағы  №31 мектепті  апатты жағдайда деп танып, бұзған болатын. Тек бастауыш  сыныптарға арналған бөлігіне ғана  тиіспеген болатын. БҚО құрылыс басқармасы жаңа мектепті салу жұмыстарына арнайы тапсырыс берген болаты. Республикалық бюджеттен 2,5 млрд тенге бөлінген болатын. Бұл жұмысқа мердігер «КазХол» ЖШС алған болатын, бірақ өз міндеттерін дұрыс орындамаған. Нәтижесінде басталған объект мемлекеттің меншігіне қайтарылды. Арада жылдар өтсе де, ірге тасы ғана қаланған мектептің қабырғасы да салынбаған. Оралдың шенеуліктері ата-аналарды сабырға шақырып, мектепті 2023 жылдың аяғына дейін тапсырылады деп уәде бергендей болды. Дегенмен, бұл уәде орындалмай қалған.  

Қазіргі таңда, жақын маңайда орналасқан үйлерде тұратын балалар көрші №34 мектепке бару  үшін күнделікті толы екі шақырым кедергілерге  толы жермен жүруге мәжбүр.  Бұл жолдан өткен кезде , гараждар, құбырлар, қаңғыбастар, нашақорлар және жабайы иттер  жүретін  кезігеді.  

Жаңа адамдардың «Халық Қаһары» жобасының белсенділері уәде берілген құрылыс аумағына «Бос уәде» атты үлкен мектеп тақтасы түріндегі ескерткіш орнатты. Бұл мектеп тақтасы жанында импровизацияланған ата-аналар жиналысы болды, оның барысында оралдықтар  БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевке жолдауларын қалдырды. Өз кезегінде Жаңа адамдар Алибек Антазиевтің жұмыс орнында арнайы антипремияны табыстады.

«Халық Қаһары» – бұл антипремия. Құрылысы тоқтап қалған ЛРТ-ның кішірейтілген нұсқасы – жұмысқа деген салғырттық пен ұзаққа созылған құрылыстың символы. Мүсіні әйгілі «Оскар» сыйлығына іспеттес келеді.  Бұл «сый-құрмет», жұмысына салғырт қарайтын, берген уәдесінде тұрмайтын шенеуніктерге «қара таңба» ретінде беріледі.  

БҚО-ның құрылыс басқармасының  басшысы Антазиев Алибекке антипремия берілгенде, Жаңа адамдар белсенділеріне Орал қаласында  орналасқан №31 мектептің құрылысын жыл соңына дейін аяқталуына уәде берген болатын. Ал 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, ол мептепте оқушылар оқу барысына оралады деген еді. Егер шенеулік айтқан сөзінде тұратын болса, Жаңа адамдар, белсенділері «Халық қаһары» сыйлығын қайтарып алатын болады.    

 «Халық Қаһары» жобаның көшбасшысы Сарсенов Алихан: «Тағы бір лауреатымызға «Халық Қаһары» сыйлығын табыстадық. Көбінесе үміткерлеріміз ақталуға тырысады немесе жауапкершілікті өзгелерге сілтеп, келеңсіз жағдайды жасырады. Кінәні өзгеден іздемес бұрын, өзімізден бастамасақ, сылтауратып  ақталуымызды доғармасақ, біздің қоғамдағы  бар мәселелер  байқалмайды, бұл жайт жалғаса  берсе, мемлекетімізде өзгерістер болмайды. Баршамыз саналы түрде бұл қарапайым мысалды аксиома ретінде ұғынатын болсақ, шын мәнінде әділетті Қазақстанның құрылуына үлесімізді қосқанымыз болмақ».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.