22-02-24 |
6940 рет қаралған
Министр халықтың зейнетақы жинағына қанша вагон сатып алатындарын айтты.
Министр халықтың зейнетақы жинағына қанша вагон сатып алатындарын айтты

Көлік министрі Парламент Мәжілісінің отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы қорының қаражаты есебінен теміржол вагондары паркін жаңарту туралы мәселеге түсініктеме берді.

Марат Қарабаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі БЖЗҚ-дан қарыз алатынын растады. Оның айтуынша, қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алуға бағытталады. Жалпы 184 млрд теңгеге 100 жолаушылар вагоны мен 3 мың жүк вагонынсатып алу жоспарланып отыр.

«Қоғамда талқыланып жатқан кейбір мәселелерге назар аударғым келеді. Біріншіден,БЖЗҚ қаражаты салымшыларға табыс әкелуге тиіс, сондықтан ақша «Бәйтерек» ҰБХ-ға сыйақының нарықтық мөлшерлемесі бойынша бөлінген. Екіншіден, холдинг мемлекеттік компания болғандықтан, қаражатты қайтаруды мемлекет 100% қамтамасыз етеді. Үшіншіден, вагондар тек қазақстандық зауыттарда жасалады. Бұл отандық өндірістерді жүктеу және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына жағдай жасайды. Жалпы қаражат Қазақстан Республикасының аумағында қалады», – деді Көлік министрлігінің басшысы.

Министр сондай-ақ қарызға алынған ақша теміржол вагондары паркін жаңартуға және қазақстандықтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталатынын атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.