22-02-24 |
8240 рет қаралған
Назарбаевтың отбасы мүшелері Ұлттық пантеонға жерленбейтін болды.
Назарбаевтың отбасы мүшелері Ұлттық пантеонға жерленбейтін болды

«Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі  № 208 қаулысына өзгерістер енгізілмек.

Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында,  Астана қаласының аумағында орналасқан.

Пантеон аумағында енді  әкімшілік, шаруашылық және қосалқы ғимараттар, құлпытастар,  саябақ және іргелес аймақтар қамтылады.

Пантеон аумағында мынадай адамдар жерленеді:

Қазақстан Республикасының президенттері, Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары. Оған қоса министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері.

Сонымен қатар «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалар, «Алтын қыран», «Отан», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталған азаматтар, «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» атақтарына ие болған азаматтар, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған азаматтар, Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар,  Пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың қайтыс болған (қаза тапқан)  жұбайлары жерленуі мүмкін.

Бұл көрсетілген тізімде президенттің туыстары жоқ. Яғни бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындары Ұлттық пантеонға жерленбейді деген сөз. Бұрынғы заңда президенттің жақындары да жерленетіні айтылған.

Сонымен қатар Пантеонда жерлеуді тіркеу кітабы жүргізіледі, онда қайтыс болған (қаза тапқан) адам туралы мынадай мәліметтер қамтылады:

1) тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

2) қайтыс болғанның (қаза тапқанның) Пантеонға келіп түскен және мәйітті жерлеу күндері.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.