23-02-24 |
5980 рет қаралған
Армения ҰҚШҰ-дағы мүшелігін тоқтатты.
Армения ҰҚШҰ-дағы мүшелігін тоқтатты

Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы (ҰҚШҰ) мүшелігін тоқтатты. Бұл туралы France 24 мәлімдеді.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт әсіресе 2021-2022 жылдары Арменияға қатысты орындалмады. Бұл біздің назарымыздан тыс қалуы мүмкін емес еді. Біз бұл келісімге қатысуымызды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік», – деді Пашинян.

Армениядағы ресейлік әскери базаның жабылуы мүмкін бе деген сұраққа Пашинян «Қазір біз бұл туралы айтып отырған жоқпыз» дедп жауап берді.

ҰҚШҰ-ға Армениядан басқа осы уақытқа дейін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кірді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.