Түркия құқық қорғау органдары 5 желтоқсанда Сауд Арабиясы барлау қызметінің бұрынғы басшыларының бірі генерал Ахмед Асириді және тақ мұрагерінің бұрынғы кеңесшісін тұтқындауға ордер берген. Бұл екеуі де Хашоггидің өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген.
Қараша айының соңында Стамбул соты Сауд Арабиясының 15 азаматын Хашоггидің өлімінге қатысы бар деген күдікпен қамауға сырттай ордер берген.
Қарай отырыңыз: Жамал Хашоггидің тағдыры қайтіп халықаралық дауға айналды?
Желтоқсанның басында АҚШ Орталық барлау қызметінің (ЦРУ) директорымен кездесіп шыққан америкалық сенаторлар журналист Жамал Хашоггидің өліміне «Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның тікелей қатысы барына шәк келтірмейтінін» айтып, корольдікке қатысты шара қабылданатынын уәде еткен.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024