27-02-24 |
11740 рет қаралған
Талиптер Астанада өтетін форумға шақырту алды.
Талиптер Астанада өтетін форумға шақырту алды

Бұған дейін «Талибан» қозғалысы Қазақстандағы тыйым салынған ұйымдар тізімінен алынған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 13 және 14 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына (AIF) талиптер де шақырылды.

Шақыруды Президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Ержан Қазыханның атынан Талибан сауда министрлігінің басшысы Нуреддин Азизиге табыс етілді.

Астана халықаралық форумы Орталық Азия аймағындағы ең ірі шара болып табылады. Форумның тақырыбы – жақсы әлемді ұжымдық құрудағы ортақ жауапкершілік және оған шетелдік үкіметтерден, халықаралық ұйымдардан, ірі компаниялардан және т.б. жоғары лауазымды делегаттар қатысады. Олар 4 бағытты талқылайды:

– сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;

– халықаралық даму және тұрақтылық;

– энергия және климаттың өзгеруі;

– экономика және қаржы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.