01-03-24 |
19090 рет қаралған
2 млрд теңгенің тендері заңсыз жасалған.
2 млрд теңгенің тендері заңсыз жасалған

Көкшетау қаласының прокуратурасы 2 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз жасалған шартты анықтағандарын мәлімдеді.

Көкшетау қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында қала әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, конкурс өткізбей, бір көзден құны 2,5 млрд теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйді салуға шарт жасағаны анықталды.

Прокуратура актісі негізінде 13.02.2024 ж. сот шартты жарамсыз деп таныды, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.