06-03-24 |
11170 рет қаралған
Павлодарда мектеп директоры қызметкерді жалған жұмысқа орналастырып ақша алып келген.
Павлодарда мектеп директоры қызметкерді жалған жұмысқа орналастырып ақша алып келген

Прокурорлық тексеріс кезінде Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде директордың қызметкерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге иемдену фактісі анықталды.

Материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды, Қылмыстық кодекстің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар тексеріс көрсеткендей, Павлодар қаласының барлық мектептерінде бейнебақылау камералары жазу функцияларысыз жұмыс істейді, олардың бейне мұрағаттарына кіру мүмкіндігі жоқ және полицияның Жедел басқару орталығына қосылмаған.

Бұл кемшілік 2023 жылы «Smart City Pavodar» жобасы аясында түзетілуге тиіс болатын, алайда жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты әлі іске асырылмаған.

Жергілікті атқарушы органдар оған қатысты наразылық-талап қою жұмыстарын жүргізуде.

Барлық анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.