17-03-24 |
10730 рет қаралған
Қазақстандағы АҚШ елшісі қазақ баласының тұсауын кесті.
Қазақстандағы АҚШ елшісі қазақ баласының тұсауын кесті

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Азамат есімді баланың тұсауын кесті. Видео АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Елші кішкентай Азаматқа жарқын болашақ тіледі.

«Қазақстан Наурыз мейрамын тойлап жатқанда қазақтың ежелден келе жатқан тұсау кесу дәстүріне қатысудың сәті түсті. Мүмкіндік берген Ерікжанға, Наркеске және олардың жақындарына рахмет. Ұлдары Азаматқа денсаулық, бақыт тілеймін және жарқын болашақ!», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі.

Дэниел Розенблюм 2022 жылдың 28 қазанында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі ретінде ант берді. Ол бұған дейін 2019-2022 жылдары Өзбекстандағы АҚШ елшісі қызметін атқарған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.