Павлодар қаласында аудан әкімінің ұлы мектепте қыз баланы ұрып, мұрнын сындырған. Бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты оқу ағарту вице-министрі Еділ Оспан растады.
«Иә, мұндай факт болғаны рас. Интернет, әлеуметтік желілерде пайда болған кез келген жағдайды мұқият тексеріп, міндетті түрде мемлекеттік органдарға хабарлаймыз. Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр, тиісті шаралар қабылданады. Туыстық байланысы расталады» деді вице-министр 19 наурыз күнгі брифинг кезінде.
Бұған дейін осы оқиға бойынша жәбірленуші қыздың анасын «дұрыс тәрбие бермегені үшін» жауапқа тартқаны хабарланған. Оған не түрткі болғаны белгісіз.
Журналистер шенеуніктерден «қыз баланы ұрған бала мен оның ата-анасы неге жауапсыз қалды» деп сұраған.
Бала құқығын қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Юлия Овечкина жасөспірімдер сотында ұл баланың ата-анасын әкімшілік жауапқа тарту бойынша сот өткенін хабарлады.
«Бірақ бір ғана жауапқа тартумен шектелмейміз. Ата-анасын жазалау бір бөлек те, балалармен жұмыс ол бөлек. Балалар бір-біріне құрметпен қарауы керек» деді Овечкина.
Оқиға қаңтар айында, дәлірек айтқанда 10 қаңтарда болған. Полиция іске түсініктеме берген.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024