23-03-24 |
18950 рет қаралған
Ақ үй: Біз теракт болатынын білмедік, терактіге Украинаның қатысы туралы ақпарат жоқ.
Ақ үй: Біз теракт болатынын білмедік, терактіге Украинаның қатысы туралы ақпарат жоқ

АҚШ-та Мәскеудегі теракт туралы алдын ала ақпарат болмаған және Ақ үй терактіне Украинаның қатысы болуы туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі стратегиялық коммуникация жөніндегі үйлестіруші Джон Кирби брифинг кезінде мәлімдеді.

Кирби Мәскеудегі терактіден қаза болғандар отбасына көңіл айтып, оқиғаны ауыр трагедия деп атады. Сондай-ақ АҚШ жағдайды бақылап отырғанын да жеткізді.

Бұған дейін 8 наурызда АҚШ Мәскеуде теракт болуы мүмкін екенін ескертіп, өз азаматтарына адам көп жиналатын жерлерге барудан тартынуды, сақтануды ескерткен еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.