Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Мәскеудегі терактіге Украинаның ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Украина Ресеймен салыстырғанда соғыста террорлық әдістерді қолданбағанын атап, соғысты ақтау үшін өз азаматтарына қарсы теракт жасау жаңа Ресей тарихында бірнеше рет болған прецедент екенін айтты.
Подоляк теракт болардан бұрын Мәскеудегі шетел ұйымдарының өкілдері ресми Мәскеуге ескерткенін де мәлімдеді.
Ал РФ сыртқы істер министрінің арнайы өкілі Мария Захарова терактіге Украинаның қатысы туралы ақпарат жоқ дегеніне наразылық білдіріп: «Трагедия болып жатқанда АҚШ-тың ресми өкілдері қандай да бір тараптың қатысы бар-жоғын қандай негізде айтып отыр?», – деп шүйлікті.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024