27-03-24 |
11440 рет қаралған
Ресей Қазақстан арқылы Қытайға мұнай сатуды тағы 10 жылға ұзартты.
Ресей Қазақстан арқылы Қытайға мұнай сатуды тағы 10 жылға ұзартты

Қазақстан мен Ресей Федерациясы Ресей мұнайын Қытайға тасымалдау мерзімін тағы 10 жылға ұзартады.

Бүгін Мәжіліс Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісіміне түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжат 2023 жылы 16 маусымда Санкт-Петербургте жасалған.

Хаттамаға келісімді жүзеге асыру үшін құзыретті органдарды анықтауға қатысты өзгерістер енгізілді. Қазақстан тарапынан – Энергетика министрлігі, Ресей тарапынан – «Роснефть» мұнай компаниясы» қоғамдық акционерлік қоғамы.

Келісімді жүзеге асыру Қазақстанға Ресей мұнайын алмастыру арқылы өз мұнайын сатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ресей мұнайын Қазақстан арқылы тасымалдаудан жыл сайын ел бюджетіне қаржы түсетін болады. Бұдан бөлек Павлодар мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты да жүктеледі.

Транзит көлемдері, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңарту көзделеді. Ресей мұнайы жылына 10 млн тонна көлемінде белгілі бір бағытта магистральдық құбырлар жүйесі арқылы ұзақ мерзімді тасымалданбақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.