Татарстанға ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалып, 13 адам зардап шеккені хабарланған еді. Ресейдің кейбір депутаттары, саясаткерлері дрон Орталық Азиядан ұшуы да мүмкін деп Қазақстанды меңзеген еді.
Қорғаныс министрлігі осы жағдайға байланысты ресми хабарлама жасады
«Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024