26-04-24 |
19990 рет қаралған
Махмут Қашқари драмасы Анкара төрінде сахналанды.
Махмут Қашқари драмасы Анкара төрінде сахналанды

Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры Анкара қаласының көрермендеріне «Достлуқ сази» («Достық сазы») атты концерттік бағдарламасын көрермендер назарына ұсынды.

Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігі және Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» ұйымының арқау болуымен ұйымдастырылған гастрольдік сапарда 24 сәуір күні Анкара қаласының “Анкара кескіндеме мүсін мұражайы”  атты театрында Ұйғыр театрының ұжымы биыл жарық көргеніне 950 жыл толған «Диуани лұғат ат-түрік» атты кітабын бізге мұра етіп қалдырған есімі әлемге әйгілі ғұлама Махмұд Қашқаридың өміріне арналған Акрам Ахметовтың «Махмут Қәшқәрий» (режиссері Мұхит Изимов) тарихи драмасын көрермендер назарына ұсынды.

Концерт соңында, Халықаралық “Түрксой” ұйымының Бас Хатшысы Султан Раев сөз сөйлеп, Ұйғыр театрының әртістері Ниязжан Турсунов, Нуралим Варисов,  Давутов, Турған Изимов, Гайрат Тохтыбакиев, Дилшат Аманбаев, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі Гульбахар Насирова және бас суретші Гузель Мамединованы  “Түрксой” ұйымының  мерекелік медалімен марапаттады.

Сондай-ақ Ұйғыр театрының басшысы Дилмурат Бахаров, аталмыш гастрольдік сапарды ұйымдастыруына ат салысқан бұл ұйымға ризашылығын білдіріп, Султан Раевқа сый тапсырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.