02-05-24 |
15790 рет қаралған
Есірткі өндірісі үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жоспарлануда.
Есірткі өндірісі үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жоспарлануда

Мәжіліс бірінші оқылымда есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасында есірткіні заңсыз өндіру есірткі қылмыстарының аса қауіпті түріне теңестіріледі. Ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына дейін әкеп соқтыруы мүмкін.

Түзетулерге Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында есірткі заттарын өндіру үшін жауапкершілікті барынша күшейту жөнінде берген тапсырмасын орындау мақсатымен Парламент депутаттары бастамашылық етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.