8 мамыр күні Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті.
«8 мамыр күні сағат 23.25-те «102» нөміріне дағдарысты жою бөліміне Аққулы ауданы, Шабар ауылының маңында Ертісте кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түсті. 9 мамырда оқиға орнына төрт сүңгуір мен жаңғыртқышы бар су кемесі жіберілді», – деп хабарлады бейсенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Басқарма бір күндік жұмыс нәтиже бермегенін мәлімдеді. Іздестіру жұмыстары су деңгейінің жоғары болуымен, желдің күшеюімен және ағыстармен қиындауда.
Кеме «Қазақстан су-жолдары» мемлекеттік кәсіпорнына тиесілі екені белгілі. Ер адам палубадан өзенге құлап, суға батып кеткен деген болжам бар. Төтенше жағдайлар департаменті ер адамның сол кезде кезекшілікте болған-болмағанын нақтыламады.
Сүңгуірлер іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024