22-05-24 |
4840 рет қаралған
Құлсарыдағы жеті күндік митинг аяқталды.
Құлсарыдағы жеті күндік митинг аяқталды

Мамырдың 21-нен 22-сіне қараған түні Құлсарыда жеті күнге созылған митинг аяқталды.

«Жылыой ауданының әкімдігі Құлсары тұрғындарына алғысын білдіреді. Олар залалды өтеу жұмыстарына түсіністікпен қарады. «Алдымызда үлкен және өте маңызды қалпына келтіру жұмыстары тұр», – дейді аудан әкімі Гүлнафис Айшуақова.

Әкімдік ғимараты алдына жиналған халық тарап, орталық жолды ашты. Олар шатырлар мен ұрандарын алып тастады. Қазір тұрғындар бүлінген баспананы бағалау үшін келісімге қол қойып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар бүлінген баспананың шаршы метріне 400 мың теңге төлеуді талап етіп митинг өткізгенімен, талаптары орындалмаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.