Бұл туралы Білім министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Журналистер министрден тағы да мектептегі хиджаб туралы сұрады. Министрдің бұл сауалдан шаршағаны дауыс ырғағынан аңғарылып тұрды. Мектептерде арнайы заңдар мен ережелер бар екенін, оқу орнының діни мекеме емес екенін тағы да баса айтты.
«Жекеменшік білім беру ұйымдарына келетін болсақ, бізге хиджаб киген оқушыларға қатысты нақты шағым түскенде, біз Атырау облысындағы мектепті жаптық. Бұл жұмыс жалғасады», – деді Бейсембаев.
Бейсембаев АҚШ-тың әлем елдеріндегі дін бостандығы жөніндегі комиссиясының баяндамасына түсініктеме бере отырып, ең бастысы – ел заңының жоғарылығы екенін айтты.
«Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, жекеменшік мектептерді ескертусіз тексеруге құқығымыз жоқ, тіпті біз мұны жасаған кезде де тексеру прокуратураның рұқсатымен жүргізілді. Қазір бұл бағытта өзгерістер болып жатыр. Енді барлық білім беру ұйымдарының заңнаманы сақтауын тексеру үшін кез келген білім беру ұйымына ескертусіз кіру мүмкіндігіне ие боламыз», – деді министр.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024