27-12-18 |
9690 рет қаралған
«Қытайды түгел зерттейтін институт құру керек».
«Қытайды түгел зерттейтін институт құру керек»

«… Стратегиялық әріптесіміз Қытайдың саяси-экономикалық және ішкі әлеуметтік жағдайын, болашақ беталысын, Қытайдың Қазақстанға ұстанған сыртқы саясатын, екі ел арасындағы қауіпсіздік саласының өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық байланыстарын, кәсіпкерлік, индустрия саласындағы ынтымақтастығымызды зерттейтін арнайы Қытайды зерттеу институтын құрудың қажеттілігі пісіп жетілді», – деді сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Мұны sputniknews.kz жазады.

Сенатордың сөзіне қарағанда, Қытайда Қазақстанды, Орта Азия елдерін зерттейтін 22 институт, орталықтар бар көрінеді. Сондай-ақ, ол шетелдік инвесторлардан төнетін қауіпті де айтып өтіпті.

«Қаржылық және технологиялық жағынан индустриялық дамыған мемлекеттерге тәуелді болып қалмаймыз ба? Қытай инвесторларына берілген жеңілдіктер халықтың жұмыспен көбірек қамтылуына, орта бизнестің дамуына, Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың кеңінен жүргізілуіне, жергілікті жерден білікті мамандарды даярлауға, келешек салынатын мұнай-химия зауыттарды ең соңғы үлгідегі барлық талаптарға сай келетін технологиямен жабдықтауға, шығарылған өнімдерді экспорттауға толық жауап бере ме деген сияқты маңызды мәселелерге назар аударып, БАҚ арқылы халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек деп ойлаймын», — депті М.Бақтиярұлы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.