30-05-24 |
3920 рет қаралған
Спорт саласында жүйелі жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Спорт саласында жүйелі жемқорлық тәуекелдері анықталды

Агенттік Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді, нәтижесінде мемлекеттік қаражатты ұтымсыз жұмсауға және жымқыруға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Орталық деңгейде сыртқы талдау Туризм және спорт министрлігінің қызметінде, өңірлік деңгейде, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларында жүргізілді.

2018 жылдан бастап спорт саласының бюджеті 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Алдағы 3 жылға тағы 1,3 трлн теңге бөлу жоспарланған. Елеулі қаржыландыруға қарамастан, Қазақстан олимпиадалық медальдық есептерде және Дүниежүзілік спорт рейтингінде төмен позицияларды иеленуді жалғастыруда, сондай-ақ күдікті матчтар саны бойынша жемқорлыққа ұшыраған елдердің бірі болып танылды (Sportradar халықаралық ұйымының антирейтингінде 4-ші орын).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.