06-06-24 |
9380 рет қаралған
Су тасқынынан малдары қырылған азаматтарға өтемақы толық төленді.
Су тасқынынан малдары қырылған азаматтарға өтемақы толық төленді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин хабарлады.

А.Бердалин эпизоотиялық жағдайды сақтау, сондай-ақ жануарлардың өлімінен болған шығынның орнын толтыру бойынша ведомство қабылдаған шаралар туралы мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, су басу кезінде өңірлерде 139 378 бас ауыл шаруашылығы жануарлары эвакуацияланды.

Бүгінгі күні өлген малдың саны 12 450 басты құрады, оның ішінде 5 108 – ҰҚМ, 4 326 – ІҚМ, 1 724 жылқы және т.б. Барлық мал өлекселері жиналып, жойылды.

Су тасқыны салдарын жою бойынша іс-шаралар кешені жүргізілді, бұл эпизоотиялық жағдайды сақтауға және залалды өтеуге көшуге мүмкіндік берді.

«Мал өлімінің шығындарын өтеу мақсатында Министрлік 2024 жылғы 4 сәуірде су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу бойынша алгоритм бекітті, содан кейін 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрық қабылданды. Халықтан өтінім қабылдау және өлген мал үшін өтемақы төлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні 9 өңірде 2,4 млрд.тг сомасында өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін төлемдер жүргізілді», – деп қортындылады вице-министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.