Іс-шараға Кавказ және Орталық Азия елдерінің жол ведомстволарының басшылары, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттарының, жеке сектордың, Қазақстанның, Грузияның, Германияның, Үндістанның, Польшаның, Австрияның, Түркияның,Өзбекстанның және басқа да елдердің жетекші мердігерлік ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ірі инфрақұрылымдық жобалар, ғылыми әзірлемелер мен инновациялар, автожолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылау әдістері саласындағы жетістіктер, құрылыс секторындағы сертификаттау және білім беру – осы және басқа да мәселелер форумның панельдік пікірталастарында талқыланды.
ҚР КМ АЖК “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Бас директоры Болатбек Айтбаев Қазақстандағы автомобиль жолдарының даму хронологиясын: жолдардың пайда болу тарихынан бастап жол саласының қазіргі заманғы құрылымына дейін айтып берді. ISO 17025 стандартының және ILAC зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның талаптарына сәйкес аккредиттелген еліміздің облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларда 19 филиалы және 16 сынақ зертханасы бар Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмысына толығырақ тоқталды.
“Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында сапа сараптамасының барлық процестерін цифрландыруға және автоматтандыруға көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. ЖАСҰО жобаларының бірі – “KazRoadLab”, ол жұмыс жүргізілетін жерде деректерді жинауды жүзеге асыруға және нақты уақыт режимінде орындалған жұмыс актілерін толтыруға, сынақ нәтижелері туралы деректерді енгізуге, актілерге суреттерді түсіріп тіркеуге, сараптама нәтижелерін мобильді құрылғылардан орталық порталға жіберуге мүмкіндік береді”, – деді қатысушыларға Б.Айтбаев.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024