Қайғылы оқиға Қызылжар ауданындағы Надежка ауылында орын алды. Солтүстік Қазақстан облысы ПД мәліметінше ауылда екі бала уланып қайтыс болды, тағы үш туысы қазір ауруханада жатыр.
«Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Абайсызда адамдардың жаппай улануына және екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу» бабы бойынша тіркелді», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полициясы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін түсіндірді. Алдымен үш жасар бала, кейін жеті жасар қыз қайтыс болды.
«Қазір анасы 1996 жылы дүниеге келген және 2014 жылы туған бала көпсалалы облыстық ауруханада жатыр. Әкесінің айтуынша, олар жергілікті дүкеннен тұшпара мен кока-коланы тұтынған», – деп хабарлады ведомстводан. Санитарлық дәрігерлер өнімнің сынамасын алып, сот-медициналық сараптамасын жүргізіп жатыр.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024