19-06-24 |
2920 рет қаралған
Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді.
Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

Алматы тау бөктеріндегі үш заңсыз нысан сот шешімімен бұзылды. Ғимараттар Көлсай шағын ауданда тиісті рұқсат құжатсыз салынған.

Қала құрылысын бақылау басқармасы Медеу аудандық сотына сүру туралы талап арыз берді. Сот шешімі талапты қанағаттандырды. Меншік иесі ерікті түрде бұзуға кірісті.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан бұзылды, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Граф», «Алма Гарден» ТҮК және т.б. бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.